×

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ / ГРАФИК РАБОТЫ                                                                                                   ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ / ВЫХОДНЫЕ ДНИ 

Дүйсенбі - Жұма: 08:00-ден 17:00-ге дейін                                                                                       Сенбі-Жексенбі

Понедельник - Пятница: с 08:00 до 17:00                                                                                        Суббота-Воскресение

Күндізгі стационар

Химиотерапия және хирургия күндізгі стационарының бөлімшесі
Күндізгі химиотерапия стационарының бөлімшесі 2012 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді, бастапқыда 30 төсекке, кейінірек 02.05.2017 ж.бастап пациенттер санының артуына байланысты 70 төсекке дейін кеңейтілді (оның ішінде 55 химиотерапия төсегі, 5 маммология төсегі, 5 хирургиялық төсек, 5 гинекологиялық төсек).
Қазіргі уақытта бөлімше АОО негізгі корпусының 1 қабатында орналасқан, онда негізгі клиникалық бөлімшелер, соның ішінде АОО клиникалық-диагностикалық бөлімшесі, реанимация бөлімшесі және хирургиялық бөлімшелер орналасқан, бұл онкологиялық науқастарды емдеуде жан-жақты көпсалалы тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бөлімшеде қазіргі заманғы жүйелі химиотерапияның барлық түрлері, оның ішінде иммунотерапия, гормондық терапия, мақсатты терапия, препараттың дәрілік түріне және оларды енгізу тәсіліне қарамастан жүргізіледі, сондай-ақ УВПС-имплантацияланатын веноздық порт жүйелеріне мейіргерлік күтім жүргізіледі, күн сайын таңу кабинеті жұмыс істейді.
Жұмыс кестесі:
Пациенттерді қабылдау және кеңес беру жұмыс күндері сағат 8:00-ден 13:00-ге дейін дәрігерлер мен химиотерапия және хирургия күндізгі стационарының бөлімше меңгерушісі жүргізеді.
Мамандандырылған емдеу жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.
Ілеспе және симптоматикалық терапия бөлімше дәрігерлерінің тағайындауларына сәйкес сағат 12:00-ден 17: 00-ге дейін жүргізіледі.
Таңу кабинеті жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша мына телефонға (күндізгі стационар бөлімшесінің посты) хабарласуға болады: +7 (727) 312-24-88, Ішкі нөмірі – 019.

Химиотерапия және хирургия күндізгі стационар бөлімшесінің жалпы сипаттамасы
Бөлімшеде жату және отыру орындары қарастырылған 6 палата бар. Барлық палаталар күндізгі төсектермен немесе ұзақ көктамыр ішіне құйылатын креслолармен, жылжымалы оттегі концентраторларымен, дәретхана бөлмелерімен және теледидарлармен арнайы жабдықталған.