Консультативтік-диагностикалық бөлім (КДБ) – кез келген аурухананың негізгі және маңызды бөлімдерінің бірі.
КДБ – халыққа жоғары білікті диагностикалық, консультативтік және емдік көмек көрсететін бөлім.
Науқастарды 8-ден астам мамандық дәрігерлері қабылдайды.
Бөлімде бөлім меңгерушісі, 3 онкогинеколог, 6 онкомаммолог, 2 онкоуролог, 2 ЛОР-онколог, 1 онкохирург, 1 онкодерматолог, 1 химиотерапевт және 9 УДЗ дәрігері қызмет етеді.
Консультативті-диагностикалық бөлімнің (КДБ) негізгі міндеттері:
* жоғары білікті КДБ мамандарының амбулаторлық науқастарды консультативтік қабылдауы;
* кешенді диагностикалық тексеруді жүргізу;
* амбулаторлық негізде науқастарды кешенді тексеруді бақылау және стационарлық емдеуге дайындау.
КДБ бас ғимараттың 1-қабатында орналасқан: Папанин көшесі, 220 А литері.
Жұмыс уақыты: 08:00-17:00
Қосымша сұрақтар бойынша +7 (727) 312-24-74 телефонына хабарласуға болады. +7(727) 312-24-74