Алматы онкология орталығы

Миссия мен пайымдауы

Миссия: Медициналық ғылымның озық жетістіктерін пайдалана отырып, онкологиялық пациенттерге сапалы және тиімді медициналық көмек көрсету.

Пайымдауы: Қазақстанда онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде жетекші орынға ие болу.

 

Мақсаттар мен міндеттер

  1. Онкологиялық пациенттердің сапалы және қолжетімді медициналық көмекке қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  2. Онкологиялық аурулардан халықтың өлімін төмендету;
  3. Онкологиялық пациенттердің өмір сүру ұзақтығын арттыру;
  4. Медициналық қызмет көрсету процесін тиімді басқару, медициналық ғылымның ресурстары мен озық жетістіктерін ұтымды пайдалану арқылы бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу. 

 

Құндылықтар және этикалық қағидалары

  1. Жоғары сапа мен көшбасшылық қызметті жүзеге асыру кезінде ең жоғары деңгейге жетуге және денсаулық сақтау саласындағы озық стандарттарды сақтауға ұмтылысты көрсетеді.
  2. Бірлік пен креативтілік қызметтің барлық аспектілерінде жаңа идеяларды жасауға және қолдануға ашықтықты, сондай-ақ кадрлардың зияткерлік әлеуетін барынша ашу үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруды көрсетеді.
  3. Жауапкершілік пен сенімділік пациенттер мен қызметкерлердің үміттерін іске асыруға, тұрақты дамуға және мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.
  4. Жанашырлық пен құрмет онкологиялық науқастар мен олардың отбасыларының физикалық, эмоционалды, психологиялық жағдайына деген жанашырлық пен құрметтің көрінісін көрсетеді.
kk