Алматы онкология орталығы

Мемлекеттік қызметтер

Алматы онкологиялық орталығында онкологиялық көмек халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде көрсетіледі және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 196-бабымен реттеледі.

Қатерлі ісігі бар есепте тұрған науқасты дәрілік зат және медициналық бұйыммен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы №ҚР ДСМ-89 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары мен әдістемесі бекіту туралы» бұйрығына сәйкес медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.

Қатерлі ісігі бар есепте тұрған науқасты амбулаториялық-емханалық жағдайда дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйыммен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-75 «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі

Ақылы қызметтер

Сондай-ақ АОО келесі пациенттерге ақылы медициналық қызмет көрсетеді:

  • шетел азаматтары;
  • азаматтығы жоқ адамдар;
  • учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз өз бетінше медициналық көмекке жүгінген кезде.

Мамандар кеңесі, диагностикалық және терапевтік процедуралар, хирургиялық араласулар, химиотерапия және т.б. ақылы түрде стационарлық деңгейде де, амбулаториялық деңгейде де көрсетіледі.

Төменде сіз біздің бағалар тізімін көре аласыз.

Прейскурант 08.03.2024

Барлық сұрақ бойынша қосымша ақпаратты тіркеу бөлімінен

телефоны бойынша ала аласыз +7(727) 312-24-74.

kk