Ақ халатты абзал жандар, мың алғыс сіздерге

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мына басымдылықтар орындалуы тиіс деп білеміз.

Бұлар: аурулардың профилактикасын және басқаруды жетілдіру, халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануының деңгейін көтеру арқылы халық денсаулығын нығайту.

Бүгінгі таңда онколог дәрігерлердің басты мақсаты профилактика, диагностика, емдеу, оңалту және сауықтыру іс-шараларын дер кезінде ұйымдастыру болып табылады.

Онкологиялық орталықтың негізгі міндеттері -амбулаторлық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайда қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға мамандандырылған, жоғары мамандандырылған көмек көрсету, радиоизотоптық диагностика мен радиоизотоптық, сәулелік терапияның заманауи әдістерін стационар және амбулатория жағдайында қолдану, клиника-диагностикалық, цитологиялық, гистологиялық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізу.

Айта кетейік, 2018 жылғы 11 маусымда онкология қызметі Алматы қ. Әкімдігінің, Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының тікелей қолдауымен №4 қалалық клиникалық аурухананың күрделі жөндеуден өткен ғимаратына көшкен болатын.

Алматы онкологиялық орталықтың бұрынғы ғимараты әбден тозып, әлеуметтік мақсаттағы нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап бермеген.

Жаңа корпус жеке санитарлық тораптар мен себезгі кабиналар орнатылған көпатқарымдыпалаталармен қамтылған. Тәулік бойы жұмыс атқаратын станционар 170 төсек-орынға, ал күндізгі стационар 60 төсек-орынға есептелген. Корпус бірнеше лифтпен, оның ішінде жүк көтеруге арналған лифтпен жабдықталған.

ШЖҚ «Алматы онкология орталығы» КММ бас дәрігері, м.ғ.к. Нұрсұлтан Аманғосұлы Ізбағамбетов, білікті онколог дәрігерлер бастаған медицина қызметкерлері науқасарға мамандандырылған көмек беру үшін жедел іс-шаралар атқарып келеді.

Өз кезегінде орталық пациенттері Деносилова Мәрзия Шарипбайқызы, Ескалиева Раушан Саркеновна, Ивкина Татьяна Степановна дәрігерлердің, орта және кіші медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен мейірімділігін жоғары бағалап, ең шынайы, ең жылы лебіздерін білдірді.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелеріне арналған өңіраралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Жақында Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 жарлығын іске асыру шеңберінде «Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері» тақырыбында өңіраралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Конференцияға ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласының Республикалық Достық үйі жұмысы қамтамасыз ету қызметі, Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, ҚР БҒМ ҰТО Қазтест жүйесін дамыту басқармасы, Орталық мемлекеттіқ мұрағат қолдау көрсетіп, белсене қатысты.

Конференция барысында мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы және нәтиже индикаторларына қол жеткізу, сондай-ақ латын әліпбиіне көшу мәселелері және фармацевтикалық терминдер, Қазтест жүйесі, мұрағат ісі, іс қағаздарын жүргізу, ұйымдардың есептеме қалыптастыру нысандары және тағы басқа мәселелер талқыланды. Конференция жұмысына Қазақстан Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырысы бойынша: Министрліктің терминологиялық комиссиясының мүшелері, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терминологиялық комиссиясының төрағасы, профессор Ж.Б.Ахметов және қалыпты анатомия кафедрасының доценті Б.Ш.Шәкенов қатысып, медициналық терминдерді біріздендіру үдерісін іске асыру барысындағы өз тәжірибиелерін баяндады. Конференция жасалынған баяндамалар барысында, терминолог мамандар өз жетістіктерімен және алда тұрған проблемаларды шешу жолдары туралы өз пікірлерін ортаға салды. А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.д., профессор, академик Қажыбек Ерден Задаұлы «Латын қарпіне өтудің төте жолы» атты баяндама жасаса, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының доценті, ф.ғ.к. Құлманов Сәрсенбай Қуантайұлы «Мемлекеттік тіл саясатының нысаналы индикаторларын денсаулық сақтау жүйесінде жүзеге асыру ерекшеліктері» атты тақырыпқа баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласының республикалық Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету қызметінің бас сарапшысы, экономика және бизнес магистрі Шыныбеков Жалғас Талғатұлы —  «Мемлекеттік тіл саясатының ІІІ-кезеңі (2017-2019) мемлекеттік ұйымдарда жүзеге асыру: іс-шаралар жоспары мен аналитикалық есептеме әзірлеу тәртібіне тоқталып өтті. Қызықты пікір алмасулар, ұсыныстар негізінде конференция жұмысы қорытындыланып, резолюция қабылданды.

Еркенұр Ерзия

В Алматы онкоцентр на Утепова снесут и отстроят новую больницу

Алматинский онкологический центр на Утепова будет отстроен заново. Об этом Tengrinews.kz сообщил главный врач АОЦ Нурсултан Избагамбетов.
Сообщается, что в этом году начато строительство новой многопрофильной больницы с онкологическим центром. Строительство продлится ближайшие два года.
Пока будет строиться новое здание по улице Утепова, городской онкоцентр будет располагаться по улице Папанина, 220. Это 4-этажный отремонтированный корпус городской клинической больницы № 4.
«Здания онкоцентра на Утепова старой постройки 1940-1950 годов прошлого века. Городской онкологический центр функционировал там с 1963 года. Переезд связан с возведением на месте старого здания Многопрофильной клинической больницы с онкологическим центром, который будет соответствовать мировым стандартам безопасности пациентов. В нем будут применены современные инновационные технологии и новейшие методы лечения пациентов», — сообщил Избагамбетов.
Сейчас круглосуточный стационар АОЦ предусматривает 170 коек, дневной стационар рассчитан на 60 мест. В новом здании будет увеличено количество мест.
В онкоцентре проводятся диагностика рака на ранних стадиях развития, самые сложные диагностические процедуры, такие как биопсия опухолей желудочно-кишечного тракта, органов мочевыводящей системы, биопсия и трепанобиопсия опухолей молочных желез и опухолей репродуктивной системы, эндоскопические исследования, лапароскопия с применением самого современного оборудования, выполняются операции.
Онкологи призывают жителей города быть более ответственными к своему здоровью и ежегодно проходить профилактические осмотры для выявления заболеваний на ранних стадиях.