×

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ / ГРАФИК РАБОТЫ                                                                                                   ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ / ВЫХОДНЫЕ ДНИ 

Дүйсенбі - Жұма: 08:00-ден 17:00-ге дейін                                                                                       Сенбі-Жексенбі

Понедельник - Пятница: с 08:00 до 17:00                                                                                        Суббота-Воскресение

Мамандандырылған консультативтік-диагностикалық бөлімше

Мамандандырылған консультативтік-диагностикалық бөлімше 2014 жылғы қарашада ұйымдастырылған Алматы қаласы ДСБ "Алматы Онкологиялық орталығы" ШЖҚ КМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімше Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 7а мекенжайында орналасқан.
Бөлімше меңгерушісі – Садықова Сұлу Гатауоллақызы – денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары санатты дәрігер.
Бөлімшенің негізгі қызметі сүт безі, жатыр мойны және колоректальды обырды ерте диагностикалау бойынша скринингтік бағдарламаның іс-шараларын үйлестіру және жүргізу болып табылады.
Скрининг-бұл ісікті ерте кезеңде анықтау мақсатында жүргізілетін профилактикалық медициналық тексеруді және қосымша тексеру әдістерін қамтитын іс-шаралар кешені. Қазақстанда онкологиялық ауруларды анықтау үшін үш Ұлттық скринингтік бағдарлама бар:
Сүт безінің қатерлі ісігі-40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер.
Жатыр мойны обыры-30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер.
Колоректальды скрининг-50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер.
Қазақстанда халық үшін скринингтік тексерулер тегін жүргізіледі.
Скринингтен өту үшін тіркелген жері бойынша қалалық емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесіне жүгіну қажет.
Алдын алу, ерте диагностика, скрининг және емдеу онкологиялық аурулармен сәтті күресудің негізгі компоненттері болып табылады. Онкологияны ерте анықтау өмірді сақтайды, емдеу шығындарын азайтады және өмір сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
Бөлімшеде өткізіледі:
сүт бездерінің маммографиясы,
мақсатты маммография,
сүт бездерінің ультрадыбыстық диагностикасы,
сүт бездерінің түзілуінің трепанобиопсиясы,
маммограммаларды екінші оқу,
маммологтың кеңесі.

Бөлімшенің жұмыс кестесі
Жұмыс күндері-8.00-ден 18.00-ге дейін
Сенбі, жексенбі-демалыс күндері

Қосымша ақпаратты +7(727) 312-24-88, Ішкі нөмірі – 034 телефоны арқылы алуға болады.
Біздің электрондық поштамыз – skrining_mamm@mail.ru